Жаңалықтар

Алматы облысында тауда қар көшкіні жүрді

Алматы облысында тауда қар көшкіні жүрді
Фото: ҚР ТЖМ 02.04.2024 10:06 262

Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, тексеру жүргізу кезінде «Қазселденқорғау» мамандары Алматы облысы «Түрген – Батан» ауылы автожолының 23,4 шақырымында қар көшкіні болғанын анықтады. Өздігінен қар көшкінінің көлемі 187,5 м3 құрады.

Мамандар қар көшкінінің түсуіне температураның жоғарылауы мен тау баурайындағы қар жамылғысының едәуір қоры себеп болғанын айтады. Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ.

Қар көшкіні Түрген-Батан автожолын жауып тастады. Автожолды тазалау жұмыстарын ЖАО жүргізуде.

ТЖМ көшкін қаупіне байланысты тұрғындарға алдағы күндері тауға барудан бас тартуды ұсынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға