Жаңалықтар

Алматы облысында оқушыға азғындық жасаған мұғалім жұмыстан шығарылды

Алматы облысында оқушыға азғындық жасаған мұғалім жұмыстан шығарылды
Фото: © Pixabay.com 25.05.2023 17:25 495

 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Дене шынықтыру мұғалімі оқушы қызға тиіскені үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

"Не молчи"қоғамдық қорының жетекші Дина Таңсәрі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында мұғалім оқушы қызға қырындағанын жазған болатын.  14 жастағы оқушы қыз құрбыларымен бірге волейбол ойнаған. Сол кезде 53 жастағы дене шынықтыру мұғалімі оны кабинетіне кіргізіп алып, бетінен сүйген, кеудесінен ұстаған. Ал құрбылары іздеп келгеннен кейін жібере салған.

Біз ол жағдай туралы білеміз. Мен оны ерекше бақылауда ұстап отырмын. Қазіргі кезде мұғалім жұмыстан шеттетілді, - деді Ғани Бейсембаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова қадағалайтынын бұл жағдай күн сайын бақыланады деп айтты.

Осы факт анықталған сәттен мұғалім жұмыстан шеттетілді, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Бұл іс ІІМ бақылауында. Ол тіркелген, бұл қылмыстық іс, – деді балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік,  оқушының анасының айтуынша, қызы аяқ астынан өзгеріп, тұйық болып кеткен. Қосымшаға да барғысы келмеді дейді. Оның себебін сұрағанда, бар шындықты естіп, есеңгіреп қалғанын айтады. Мұғалімді жақсы танитындықтан, алғашқыда сене алмаған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға