Жаңалықтар

Алматы облысында нөсер салдарынан ауылға қауіп туындады

Алматы облысында нөсер салдарынан ауылға қауіп туындады
Фото: © El.kz 22.03.2024 02:25 6131

Алматы облысының Жамбыл ауданында нөсер жаңбырдың тоқтаусыз жаууы салдарынан көлбеу ағын пайда болып, ол жергілікті маңызы бар жол арқылы өтіп, «Ұзынқарғалы» өзеніне құйылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте өзендегі су транзиттік режимде ағып жатыр. Ал ағызылған көлбеу ағыны өзен арнасын бөгемеген. «Қарғалы ауылы – Ұзынқарғалы бөгеті» автожолының учаскесінде балшық массасы шөгінді, жол төсемі бүлінбеген, өту жолы бар, балшық массасының көлемі анықталып отыр. 

«Ұзынқарғалы» өзеніндегі көлбеу ағынының салдарынан судың лайлануы шамамен 2-3 баллды құрады. Лай суды ауыз сумен жабдықтау жүйесіне қосылуын болдырмау мақсатында «Биотранс» ЖШС қызмет көрсететін ұйымы Қарғалы ауылының абоненттерін «Ұзынқарғалы» өзенінен су берілетін ауыз судан ішінара ажырату туралы шешім қабылдады. Ауылдың қалған бөлігі тереңдік сорғыларынан ауыз су алады. Суды өшірудің болжамды уақыты 2-3 сағатты құрайды: су толығымен тазартылғанға дейін және судағы бұлыңғырлық жойылғанға дейін жалғасады, - деді ТЖМ баспасөз қызметі. 

Автожолды тазарту 22 наурызына жоспарланған. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ  қызметкерлері барып, жағдайды бақылауға алды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға