Жаңалықтар

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Фото: polisia.kz 21.02.2024 04:10 485

Алматы облысында арнайы операция кезінде есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, 17 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Іле ауданы ПБ қызметкерлерімен бірлесіп Қосөзен ауылының аумағында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы әшкереледі.

Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын заңсыз дайындау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Арнайы операция кезінде 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, УҰИ-ға қамаққа алынды. Тұрғын үй-жайларын тінту нәтижесінде ақ түсті, ерекше иісі бар ұнтақ заты бар полиэтилен пакет табылып, тәркіленді, - делінген мәліметте.

Сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 3 келі 840 грамм болатын мефедрон есірткі құралы болып шықты. Осылайша полицейлер қара нарықта құны шамамен 100 миллион теңге болатын есірткінің 1500 бір реттік дозасын таратуға жол бермеді. Сонымен қатар қырық дана шыны ыдыс, химиялық сұйықтығы бар жеті канистр және есірткі дайындауға арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға