Жаңалықтар

Алматы облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды

Күн райының бұзылуына байланысты тасжолдардың қозғалысына шектеу қойылды
Алматы облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
Фото: egemen.kz 05.02.2023 01:18 1328

Алматы облысында күн райының бұзылуына байланысты жол жабылды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК-на сілтеме жасап.

Өңірде ауа-райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, ауа температурасының төмендеуі, тұман) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төменде көрсетілген учаскелерде шектелді:

«Алматы-Өскемен» тасжолының Байсерке ауылынан Қонаев қаласына дейін;

«Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолының Панфилово ауылынан Жаркент ауылына дейін;

«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» тасжолының Байсейіт ауылынан Көкпек ауылына дейін;

Жолшылар жабық учаскелердің жүріс бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға