Жаңалықтар

Алматы облысында айдалада балшыққа батып қалған қойлар құтқарылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті
Алматы облысында айдалада балшыққа батып қалған қойлар құтқарылды
Фото: gov.kz 19.03.2023 11:20 769

Алматы облысында балшыққа батып қалған қойлар құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы облысы ТЖД Жамбыл ауданының Ақтерек ауылдық округінде 17 наурызда шамамен түнгі сағат 23:00-де қой айдау кезінде Шылбастау станциясының маңында ашық жерде екі мыңға жуық қой балшыққа батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Түнде шаруа қожалығының қызметкерлері қойларды балшықтан шығара алмағандықтан, таңертең құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, ауылдық округтегі басқа мүдделі ұйымдардың, шаруа қожалығының күшімен және Бақтерек, Бектас және Шылбастау ауылдарының тұрғындарымен балшықта қалған ұсақ малды (қойларды) құтқару бойынша құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы күш-жігермен бір мың тоғыз жүз сексен бір бас ұсақ мал ашық құрғақ жерге жіберілді, он тоғыз қойды  құтқаруға мүмкіндік болмады. Құтқару операциясына қатысушылар Ақтерек ауылдық округінің әкімдігі жеткізген бір машина  шөпті балшықтың үстіне төсеп,  қойларды аман алып  шықты.

Шаруа қожалығының басшысы қойларды құтқару операциясының  қатысушыларына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға