Алматы облысында аурухананың бухгалтері 90 млн теңгені заңсыз иемденген

Алматы облысында  аурухананың бухгалтері 90 млн теңгені заңсыз иемденген
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ

​Ұйғыр аудандық орталық аурухананың бухгалтері Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың қаражатын 90 млн теңге көлемінде бергені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
​

Бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде енгізген. ​Азаматша Д. аудандық аурухананың есепшісі бола отырып, бұл қаражатты өз шотына аудару арқылы иемденген.

​Талдау шеңберінде Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 млн. теңгеге бұзушылықтарды анықтады, олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет. Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылды.
​

Айта кетейік, мердігерлер тапсырыс берушілердің шоттарына шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын шарт құнынан 3% ақшалай қаражат енгізеді. Бұл енгізілген қаражат мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін кәсіпкерге қайтарылады.

Оқи отырыңыз