Жаңалықтар

Алматы облысында 60 жастағы тұрғын 7 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

Алматы облысында 60 жастағы тұрғын 7 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді
Фото: © Depositphotos.com 30.01.2024 17:50 673

Алматы облысы, Қошмамбет ауылында зейнет жасындағы азамат 7 жасар балаға жыныстық зорлық көрсетіп, қолын пешке күйдірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап.

Қалияш Сәрсенбаеваның айтуынша, 7 жасар ұлына үш күн қатарынан 60 жастағы көрші қорлық көрсеткен. Бірақ күдікке ілінген зейнеткер өзіне тағылған айыптарды “жала” деп отыр.

Үш күннен кейін болған жайды баяндаған ұлы көршісінің үйін көрсетіп, зейнеткердің зорлық көрсеткенін айтқан. 

Балам қорқып қалған. Айтсаң, анаңды да, өзіңді де өлтіремін деп қорқытқан. Жұмыстан кешкі сағат 8-де келдім. Үйге кіргенде, балам партаның астында жатыр екен. Жарықты өшіріп тастаған. Нұрдаулет деп дауыстап шақырып, баламды іздедім. Партаның астында бүрісіп жатыр екен, өзі көкпеңбек болып кетіпті. Қорқып кеттім. "Аузымнан да, артымнан да зорлап кетті. Кешегі шал тағы келді. Терезеден түсті" деп айтты ұлым, - дейді баланың анасы.

Қалияш  Сәрсенбаеваның сөзінше осыдан кейін ұлы үйін көрсетемін деп, көршінің есігінің алдына апарған. Олар полицияға шағымданған. Сараптама нәтижесі баланың тік ішегінің жарақат алған, анальды аймақ жыртылған, төменгі ерні соққы салдарынан көгергенін көрсетті.

Бала түсініктеме бергеннен кейін көрші зейнеткер қамауға алынды. Алайда дәлел жеткіліксіз болғандықтан, күдіктіні босатып жіберген. Ал күдікті Көктеубай Мәмбеталиевтің өз айтары бар. Ол жазықсыз 12 күн абақтыда жатып шықтым деп отыр.

Түнде ұйықтап жатқанымда екі милиция үйге келіп, мені алып кетті. Өзім түсінбей қалдым. Көрші келіншек баламды зорлады деп шағымданғанын айтты. Баланың ішегі үзіліп кеткенін естідім. Демек оқиға болған. Соны жасаған адамды тауып, соттатсын. Басқа қылмыс істесем де, ондай қатігездікке бармаймын. Барлығын тексерді, аузымнан сілекейімді алды, қанымды алды. Ешқандай дәлел таппағаннан кейін босатты. Болмаған істі болды деп отыр, – дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға