Жаңалықтар

Алматы облысында 3 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Алматы облысында 3 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.09.2024 13:02 398

Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Балқаш ауданының жергілікті атқарушы органымен бірлесіп жүргізген мониторингі барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер аумағының ұзақ уақыт пайдаланылмағаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ккомитет мәліметінше, көлемі 3 мың га жер аумағы шаруа қожалығын жүргізу үшін Балқаш ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі пайдалануға берілген.

Балқаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 05 тамыздағы қаулысымен бұрынғы қаулының күші жойылып, жер аумағы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға