Жаңалықтар

Алматы облысында 12 жастағы баланың қолын еттартқыш шайнап кетті

Алматы облысында 12 жастағы баланың қолын еттартқыш шайнап кетті
Фото: Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы 19.06.2024 15:46 1347

Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасына шұғыл түрде қолын еттартқыш шайнап кеткен 12 жастағы бала түсті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Ол анасына етті еттартқыштан өткізуге көмектескен. Электронды еттартқыш баланың қолын тартып әкеткен. Науқас ауруханаға қолы еттартқышқа кептелген күйі жеткізілді. 

Бала ет тартып отырғанда қолында матадан тігілген қолғап болған. Сөйтіп электронды еттартқыш матаны орап әкеткенде, баланың саусақтары да бірге кеткен. Ол жедел жәрдем бөліміне жеткізіліп, хирургтар мен травматолог мамандар науқасты ота жасауға алып кетті. Ота кезінде баланың қолы еттартқыштан босатылды, – деді Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Диана Сүлейманова.

Дәрігерлер баланың қолы мен екі саусағын аман алып қалды.

Бес саусақтың екеуі – бас бармақ пен кішкентай саусақты аман алып қалдық. Өкінішке қарай, үш саусақты сақтап қала алмадық. Саусақтар еттартқыштың ішінде түгелдей жаншылып, жұлынып қалды. Бала шокта болды. Бірақ есін біледі, сұрақтарға жауап беріп жатты. Шокты басып, саусақтарды кесіп тастадық. Саусақтар әлі күнге дейін сезімтал және қозғалыс белсенділігі бар, – дейді дәрігер. 

Дәрігерлер ата-аналардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға