Алматы метросында ер адам рельске құлап көз жұмды

Алматы метросында ер адам рельске құлап көз жұмды
Фото: ©Pixabay.com

Алматыдағы метроның «Абай» станциясында ер адам рельске құлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушылар вагонды итеріп, жігітті алып шықпақ болған. Алайда көзі нашар көретін 26 жастағы ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Алматы қаласының Полиция департаменті осы факт бойынша тергеу жұмыстарын бастады.

Оқи отырыңыз