Алматы мен Ыстықкөл арасында жаңа әуе рейсі ашылды

 ©El.kz/Артем Чурсинов
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов

2025 жылғы 27 маусымнан бастап Қазақстанның авиациялық нарығына Қырғызстанның «Asman Airlines» әуе компаниясы кіреді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, компания Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына екі рет (дүйсенбі және жұма күндері) тұрақты тікелей жолаушы рейстерін орындай бастайды.

Сонымен қатар 3 шілдеден бастап қазақстандық «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы да Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады. Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Осылайша, жазғы кезеңде көрсетілген бағыт бойынша аптасына 4 тұрақты жолаушы рейсі орындалатын болады.

Оқи отырыңыз