Жаңалықтар

Алматы мен Қазақстанның сәулет өнерін неғұрлым танымал ету қажет - сәулетші

Алматы мен Қазақстанның сәулет өнерін неғұрлым танымал ету қажет - сәулетші
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 10.11.2023 23:55 658

Алматыда жас сәулетшілер қаланың ерекше келбетін қалыптастыруға көмектеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өз тілі, өзіндік бірегейлігі пайда болуы үшін Алматы мен Қазақстанның сәулет өнерін неғұрлым танымал ету қажет. Бұл туралы NAAW сәулет бюросының негізін қалаушы Эльвира Бакубаева бірлескен Сәулет және Қала құрылысы форумында айтты.

Оның айтуынша, бүгінде Алматы әкімі Ерболат Досаев жас сәулетшілерге қала үшін маңызды жобаларды енгізіп, Алматының заманауи келбетін қалыптастыруға өз үлесін қосуы үшін зор сенім білдіріп отыр. 

Эльвира Бакубаева мектептер, ауруханалар және қоғамдық қоғамдық кеңістіктер сияқты маңызды жобалардан бастау керек екеніне сенімді.

 Алматыда бүгінде әртүрлі ғимарат бар. Кейбірі кеңес дәуіріне дейін, көбі КСРО кезінде және 1990-2000 жылдар аралығында салынған. Сондықтан қазақстандық сәулет өнерінің заманауи бірегейлігін қалыптастыру және зерлелеу қажет. Ол үшін тарихқа, әдебиетке терең бойлап, зерттеген жөн. Бұған біраз уақыт керек. Өйткені сәулет жылдам үдеріс емес. Меніңше, жобалар екі айға созылады. Ал оны зерттеп, дұрыс шешім шығару үші нең кемі алты ай уақыт керек, - дейді сәулетщі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға