Жаңалықтар

Алматы маңында жоғалған 3 жасар қыз бір айдан бері іздестіріліп жатыр

Алматы маңында жоғалған 3 жасар қыз бір айдан бері іздестіріліп жатыр
Фото: Алматы облысы ПД 17.04.2024 09:51 1463

Алматы облысында 3 жасар қызды іздеу жұмыстарының жүргізіліп жатқынына бір ай болды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іздестіру шарасы барысында жақын маңдағы су қоймасынан суды ағызғанымен, нәтиже болмаған.

Облыстық ішкі істер департаменті мен Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер департаменті жақын маңдағы Күш ауылындағы жақын Ақши, Қырбалтабай және Балтабай ауылдарының тұрғындарын сұрастырған. Бұл іздестіру жұмыстары да оң нәтиже бермей отыр.

Үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен үш жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға