Жаңалықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматы маңында тағы да жер сілкінді
Фото: © El.kz 07.02.2024 00:16 23136

Сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін 6 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 21:22-де тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 890 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,7 Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,9, - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, Алматы уақыты бойынша сағат 15:47-де жер дүмпуі тіркелгенін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға