Жаңалықтар

«Almaty Kuat» ЖШС директоры 620 млн теңгені жымқырған

«Almaty Kuat» ЖШС директоры 620 млн теңгені жымқырған
05.07.2023 12:36 847

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Almaty Kuat» ЖШС директорына қатысты алаяқтық және аса ірі көлемде қаржыны заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді  аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тергеу барысында анықталғандай, ЖШС директоры Алматы қаласының индустриалды аймағына қатысушы 10-нан астам шаруашылық жүргізуші субъектілерімен электр энергиясын жеткізу шартын жасасып, электр энергиясын тұтынушыларды, сондай-ақ өндіруші және жеткізуші ұйымдарды алаяқтық жолмен электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем шоттарын жазып, екі жыл бойы кәсіпкерлер электр энергиясы үшін негізсіз ақы төлеп келгені анықталды.

Осылайша ол жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Одан әрі жедел-іздестіру шаралары барысында жоғарыда аталған ЖШС директорының мәмілелер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды заңды айналымға түсіргені анықталды.

Сот қаулысымен жалпы сомасы 134 млн теңгеден астам жер телімдері мен құрал-жабдықтар қамауға алынды. Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға