Жаңалықтар

Алматы хайуанаттар бағында жазғы мектепке өтінім қабылдау басталды

Алматы хайуанаттар бағында жазғы мектепке өтінім қабылдау басталды
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 15.05.2024 09:04 216

Балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру аясында Алматы хайуанаттар бағында жазғы Зоомектеп ашылады. Жас табиғат зерттеушілер үйірмесіне 9 жастан 16 жасқа дейінгі балалар қатыса алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, зоомектепке түсу үшін балаға «Неліктен мен Зоомектепте оқығым келеді» тақырыбында эссе жазып, оны Алматы хайуанаттар бағының almatyzoo.lector@mail.ru электрондық поштасына 22 мамырға жіберу қажет.

Ілеспе хатта баланың тегі, аты және жасы, сондай-ақ ата-анасының аты-жөні және байланыс телефоны көрсетілуі керек. Кіріспе сұхбаттан өткеннен кейін бала маусым айында басталатын және аптасына екі рет екі сағаттан: дүйсенбі/жұма немесе сейсенбі/бейсенбіден басталатын сабақтарға жіберіледі, - делінген мәліметте.

Зоомектептегі сабақтардың ерекшелігі жануарлар дүниесін тереңірек зерттеу және Алматы хайуанаттар бағындағы жануарлармен жұмыс істеуінде. Үйірмеде жеткіншектер қатаң сақтауға тиіс өз ережесі бар.

Негізгі сабақтардан басқа, негізгі сабақтарға тәуелді емес қосымша сабақтар – факультативтер бар. Биылғы «Фантастикалық мақұлықтар және олардың мекендейтін жерлері» атты факультатив тақырыптық мереке аясында өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға