Жаңалықтар

Алматы халқына ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматы халқына ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: ©El.kz 14.03.2024 17:10 1174

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 14 наурызда сағат 16.00-ден 15 наурыз күнгі сағат 4.00-ге дейін Алматыда 8-10 сантиметрге дейін қар аралас жауын-шашын болады деп күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала бойынша жайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 463 техника, 18 мотопомпалар және 1012 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 89 арнайы техника мен 320 жұмысшының күшімен көлденең арық желілерін тазарту жұмыстары аяқталып жатыр, - делінген ақпаратта.

15 наурызда түнде және таңертең Алматы облысының тау бөктерінде және таулы аудандарында кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа бұрылады, түнде және таңертең шығыста, облыс орталығында 15-20, кей уақытта екпіні 24-29 м/с.

Қонаев қаласында кей жерлерде тұман түсіп, түнде жолдар көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа бұрылады, түнде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға