«Алматы-Екатеринбург» тасжолы жабылды
Оған аяздың күшеюі себеп болған
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz
06.12.2022 05:19
343
Күн райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, бүгін сағат 23:00-ден бастап «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар автожолының «Қарағанды-Балқаш» учаскесінде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша шектеледі.
Жолдағы қозғалысқа қойылған шектеуді ұлттық компания ауа температурасының -32 градусқа дейін төмендеуімен түсіндіріп отыр.

Алдыңғы жаңалық
Қатар-2022: Бразилиялықтар Оңтүстік Кореядан басым түсті