Жаңалықтар

Алматы-Екактеринбург тас жолында үш адам көз жұмды

Алматы-Екактеринбург тас жолында үш адам көз жұмды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 21.08.2023 10:30 647

20 тамызда Алматы-Екактеринбург тас жолында көлік аударылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 19:45 шамасында Алматы-Екактеринбург тас жолының 770 шақырымында 47 жастағы Lexus LX470 жүргізішісі көліктің басқаруына ие бола алмай қалып аударылған.

Салдарынан 46 жастағы көліктің жолаушысы оқиға орынында қаза тапса, көліктің жүргізушісі және 35 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде қаза тапты. Сондай-ақ екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, - делінген мәліметте.

Дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүргенде демалыс режимін сақтап, жол жүру ережелеріне қатаң бағынуға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға