Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға ресми сапары аясында Бейжің қалалық жоспарлау орталығының жұмысымен танысты. Бұл бірегей мекеме заманауи қала құрылысы мен даму әдістерін көрсетеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Ерболат Досаев 2016–2035 жылдарға арналған Бейжіңнің Бас жоспарының негізгі аспектілерін, соның ішінде экологиялық және қала құрылысы мәселелерін зерттеді. Ол Алматы мен Бейжіңнің көпорталықты даму моделін ұстанатынын атап өтті, бұл қала орталығы мен аудандар арасындағы жүктемені тең бөлуге көмектеседі.
Бұл тұрғындарға жайлы жағдай жасап, инфрақұрылымды экологиялық талаптарды ескере отырып дамытуға мүмкіндік береді. Әкім Бейжіңнің озық тәжірибесін Алматыға енгізудің маңыздылығын атап, қаламыздың тұрақты дамуына ықпал ететінін айтты.
Алматы Бейжіңнің қала құрылысы тәжірибесін зерттеп жатыр
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі