Жаңалықтар

Алматы әуежайында 93 келі дәріні заңсыз алып өтпек болған

Алматы әуежайында 93 келі дәріні заңсыз алып өтпек болған
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті 22.05.2023 23:17 678

Алматы халықаралық әуежайында 93 келіге жуық дәріні заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кедендік бақылау барысында Алматы қаласы бойынша МКД «Жетісу» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне және ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қазақстан Республикасының аумағынан ҚР Үкіметінің 2021.06.10 № 396 қаулысымен бекітілген адам денсаулығына зиянды әсер ететін препараттарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Алматы әуежайында 93 келі дәріні заңсыз алып өтпек болған

Бұл дәрілік препараттар салмағы 92,5 кг 2923 пакет мөлшеріндегі  биологиялық белсенді қоспа ретінде мәлімделген. Сонымен қатар кедендік сараптаманың нәтижесінде мәлімделген биологиялық белсенді қоспалар таблеткалар мен ампулалар түрінде оралған, ҚР аумағында экспорты мен импорты шектеулі болып табылатын күшті анаболикалық стероидтер екені анықталды, - делінген Мемлекеттік кірістер департаменті таратқан хабарламада.

Алматы әуежайында 93 келі дәріні заңсыз алып өтпек болған

Осы факті бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға