Жаңалықтар

Алматы әуежайы жаңа терминалының құрылысы қашан аяқталады

Бұл туралы ИИДМ мәлім етті
Алматы әуежайы жаңа терминалының құрылысы қашан аяқталады
Фото: gov.kz 26.01.2023 14:31 776
Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ИИДМ басшысы Марат Қарабаев «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Алп Ер Тунга Ерсоймен кездесу өткізді. Кездесу барысында әуежай басшылығы Алматы қаласы әуежайының жаңа халықаралық терминалын салу жөніндегі ірі жобаның іске асырылуы туралы баяндады.
 
Кездесуге қатысушылар қызметтің негізгі бағыттары мен жобаларды іске асыру кезеңдері бөлігінде әуежайды перспективалы дамыту бойынша жұмыстың негізгі аспектілерін талқылады.
 
Бүгінгі таңда әуежай дамуының оң динамикасы және жолаушылар ағынының өсуі байқалады (2022 жылы әуежай 7 млн қызмет көрсетілген жолаушы белгісін еңсерді).
 
Айта кету керек, жобаны іске асыру бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда және Мемлекет басшысының бақылауында. Жобаны аяқтаудың жоспарланған мерзімі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында. Жаңа терминалдың құрылысы жолаушылар ағынын айтарлықтай арттыруға, ұшу географиясын кеңейтуге, мегаполистің тұрғындары мен қонақтарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
 
Министр әуежайдағы қызметтер мен сервисті жақсарту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды және жолаушылардың шағымдарына дереу ден қоюды тапсырды.
 
Өз кезегінде тараптар Алматы қаласының әуежайын одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға келісті.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға