Жаңалықтар

Алматы әкімі соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтады

Алматы әкімі соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтады
Фото: instagram.com/akimat_almaty 09.05.2023 01:30 1037

Жеңіс күні қарсаңында Алматы әкімі Ерболат Досаев ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арнайы барды. Бұл туралы қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әкім Бисенғали Жұбаниязовпен, Владимир Белозеровпен және Зұлхарнай Сейітовпен кездесті. Олардың барлығы майданға жасөспірім шақта аттанған.

Қала басшысы майдангерлерді мерекемен құттықтап, соғыстағы ерлігі үшін алғыс білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі. Әрі сыйлық табыс етіп, 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсіміне шақырды, - делінген мәліметте.

Айта кетер жайт, бүгінде Алматыда 56 ардагер тұрады. Биыл қала әкімінің ұсынысымен ҰОС ардагерлеріне берілетін төлем 1,5 миллион теңгеге дейін көбейтілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға