Жаңалықтар

Алматы әкімі ғимараттарды сейсмикалық күшейту туралы айтты

Алматы әкімі ғимараттарды сейсмикалық күшейту туралы айтты
Фото: gov.kz 09.02.2023 19:35 1032

Алматы әкімі Ерболат Досаев ғимараттарды сейсмикалық күшейту туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімінің халықпен есеп беру кездесуінде ғимараттарды сейсмикалық төзімділігін күшейту мәселесі қозғалды. Ерболат Досаев атап өткендей, жаңа бас жоспарда барлық қажетті талап ескерілген. Сонымен қатар, ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.



«Биылғы жылдың екінші жартысында біз қаланың жаңа сейсмикалық аудитін бастаймыз. Жаңа бас жоспарға келсек, 2020-2021 жылдары Алматыда жаңа тектоникалық ойықтар пайда болғанын білесіздер. Жаңа бас жоспарда барлық қажетті сейсмикалық талап, соның ішінде жаңа ойықтар ескерілген: Абай көшесінің жоғары жағы 10 балл, одан төмен 9 балдық аймақта орналасқан», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға