Жаңалықтар

Әлия Юсупова: Олимпиада жолдамасы үшін күресеміз

Әлия Юсупова: Олимпиада жолдамасы үшін күресеміз
Фото: Видеодан кадр 09.04.2024 18:35 421

Бүгін Шымкентте Олимпиадаға дайындық Штабының өкілдері көркем гимнастикадан ұлттық құраманың жаттығу жиынына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Команда үздігі Элжана Таниева кешке Болгария астанасы Софияға жол жүрмек. Онда кезекті Әлем кубогында бағын сынайды.

Ал екінші гимнастшы қызымыз Айбота Ертайқызы сол София қаласында өткен халықаралық турнирден оралды. Өкінішке орай ол жерде кішігірім жарақат алған Айбота жарыс жолын тоқтатуға мәжбүр болды. Алда лицензиялық Азия чемпионаты.

1-4 мамыр аралығында Ташкентте Парижеге берілетін бір жолдама сарапқа салынады.

Басты қарсыластарымыз Жапон мен Қытай спортшылары. Бұл додаға Элжана мен Айбота ба қатысады. Үмітіміз зор. Олимпиадалық жолдама үшін аянбаймыз», - деді бас бапкер Әлия Юсупова.

Айта кетейік, Юсупова бас жаттықтырушымен қатар еліміздің гимнастика федерациясының басшылық тізгінін де ұстап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға