Жаңалықтар

Әлімхан Сыздықов Олимпиада лицензиясын ұтып алды

Әлімхан Сыздықов Олимпиада лицензиясын ұтып алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 21.04.2024 23:08 540

Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі (130 келі) балуан Әлімхан Сыздықов Олимпиадаға жолдама ұтып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан лицензиялық турнирдің шешуші күнінде Азия чемпионы, отандасымыз Әлімхан Сыздықов жеңіске жетті. Қазақ спортшысы жартылай финалда тәжірибелі Қырғызстан балуаны, Азия чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Роман Кимнен басым түсті. 

Жалпы грек-рим күресінен Бішкек төрінде өткен лицензиялық жарыста бұған дейін 60 келі салмақ дәрежесіндегі балуан Айдос Сұлтанғали мен 77 келі салмақ дәрежесіндегі спортшы Демеу Жадыраев жолдамаға қол жеткізген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға