Жаңалықтар

Алимент төлемеген 126 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Алимент төлемеген 126 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 07.06.2023 16:18 696

Бұл туралы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот актілерін, атқарушылық құжаттарды орындау мемлекеттің құқық қорғау қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады, өйткені ол халықтың кең бөлігінің құқықтары мен мүдделерін қозғайды. Жыл сайын орындауға түсетін атқарушылық құжаттардың саны артып келеді, - деді ол.

Мәселен, 2022 жылдың 12 айында сот орындаушылардың өндірісінде 7,8 млн атқарушылық құжат болды. Бұл 2021 жылымен салыстырғанда 1,1 млн құжатқа артық. Былтыр 6,7 млн құжат болған еді. 2021 жылы 2,3 миллион іс толық орындалса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 2,6 миллионды құрады. Мемлекет кірісіне 31 млрд теңге өндірілді. Бұл 2021 жылымен салыстырғанда 6 миллиардқа көп. Азаматтардың жалақысы – 4 миллиард теңге. 2021 жылмен салыстырғанда 300 миллион теңгеге артық. Бизнес пайдасына 185 миллиард теңге өндірілді.

Азаматтың сот арқылы конституциялық құқығын қорғау сот актісін міндетті түрде орындау арқылы жүзеге асырылады. Өндiрiп алушының мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн сот орындаушыға берілген түрлі мәжбүрлеп орындату құралдарын пайдаланғанда ол борышкердiң құқықтарының бұзылуына жол бермеуі, яғни тепе-теңдiктi сақтауы керек, - деді ол.

Әдетте борышкердің табысы мен мүлкі болмаған жағдайда, сот шешімі дәлел себептермен орындалмай, өндіріп алушының құқықтары бұзылады. Өкінішке қарай, мұндай мысалдар аз емес және бұл көбіне халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тікелей байланысты.

Атқарушылық өндірістің екінші жағы – борышкерге келсек: сот орындаушылар тарапынан олардың құқықтары бұзылған фактілері анықталған жағдайда, бірінші кезекте біз оларға шаралар қолданамыз. Біз өзін-өзі басқаратын кәсіби ұйым ретінде арамызда өз міндеттерін тек адал атқаратын сот орындаушылардың болуына мүдделіміз. Өрескел бұзушылықтар расталған жағдайларда, жеке сот орындаушыларды институтымыздан шығарамыз, - деді ол.

Жалпы, 2020 жылдан бастап ЖСО кадрлық құрамын жақсарту үшін жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Осылайша заңнамалық деңгейде емтихансыз лицензия ала алатын тұлғалар қатары шектелді.

Егер бұрын судья мен прокурордан басқа кез келген құқық қорғау органының қызметкері лицензия ала алатын болса, енді ондай құқық тек тергеушіде ғана сақталды, - деді ол.

Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының жанынан ЖСО үміткерлерінің тағылымдамадан өтуін, ЖСО-ның біліктілігін тұрақты арттыруын, шетелдік тәжірибеден өтуді ұйымдастырып отыратын, ЖСО-ны оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіп отыратын Оқу орталығы құрылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға