Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Сэр Сума Чакрабартимен кездесті

Әлихан Смайылов Сэр Сума Чакрабартимен кездесті
Фото: primeminister.kz 21.12.2022 12:39 806

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесті, дп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Республикадағы ағымдағы экономикалық ахуал, Үкіметтің инфляцияны төмендету, білім беру және денсаулық сақтау салаларында ЭЫДҰ стандарттарын енгізу, жалпы экономиканы дамыту жөніндегі шаралары, сондай-ақ келесі жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.

Сонымен қатар тараптар инвестициялар тарту және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша әңгіме өрбітті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға