Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Power International Holding төрағасымен кездесті

Әлихан Смайылов Power International Holding төрағасымен кездесті
Фото: t.me/KZgovernment 24.05.2023 10:42 473

Доха қаласында өтіп жатқан Қатар экономикалық форумы аясында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Power International Holding төрағасы Мутаз әл Хайятпен кездесті. Тараптар медицина, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Power International Holding – Таяу Шығыстағы ірі конгломераттардың бірі. Оның қатысуымен футболдан әлем чемпионаты қарсаңында Қатарда үлкен объектілер салынды. Холдингтің негізгі бағыттары құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау сынды салаларды қамтиды.

Бұлардың барлығы Қазақстан экономикасы үшін басым секторлар болып табылады. Біздің өзара тиімді серіктестікті дамытуымыз үшін зор әлеуетіміз бар, – деді премьер-министр.

Сондай-ақ ол Power International Holding-і Қатар мен Қазақстан арасында әріптестік байланысты орнату және дамытуда өзіндік көшбасшыға айналғанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға