Жаңалықтар

Әлихан Смайылов «KAZAKH INVEST» Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Әлихан Смайылов «KAZAKH INVEST» Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz 09.12.2022 09:27 719

Осы жылы «KAZAKH INVEST» қолдауымен жалпы сомасы 4,1 млрд долларға шетелдіктердің қатысумен 45 жоба пайдалануға беріледі. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz Ақпараттық агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, отырыста 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды.

Ұсынылған ақпаратқа сүйенсек, осы жылы «KAZAKH INVEST» қолдауымен жалпы сомасы 4,1 млрд долларға шетелдіктердің қатысумен 45 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде Ұлттық компания 1952 өтініш өңдеп, инвесторлардың қызметіне қатысты визалық мәселелер, инвестициялық преференциялар және заңнама бойынша консультациялар берген.

«Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шетелдік компаниялар үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды. Олардың шеңберінде салалық министрліктермен, әкімдіктермен, квазимемлекеттік сектормен, қаржылық даму институттармен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар 13 ірі инвестициялық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға