Жаңалықтар

Әлихан Смайылов «Еуразия – біздің үй» халықаралық көрмесінің экспозициясымен танысты

Әлихан Смайылов «Еуразия – біздің үй» халықаралық көрмесінің экспозициясымен танысты
Фото: t.me/KZgovernment 08.06.2023 16:22 478

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен ТМД және ЕАЭО желісі бойынша іс-шараларға қатысып жатқан басқа да үкімет басшылары «Еуразия – біздің үй» халықаралық көрмесінің экспозициясымен танысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көрме Сочи қаласындағы (РФ) «Сириус» ғылым және өнер паркінің аумағында өтуде.

Көрмеде ЕАЭО елдері экономикаларының барлық саласындағы кооперациялық жобалар ұсынылған.

Шараға Қазақстаннан:

теміржол дөңгелектерін шығаратын «Проммашкомплект» компаниясы;

ауыл шаруашылығы және мамандандырылған техникалар өндіретін «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы»;

биотехнологиялық препараттар өндіретін «Қарағанды фармацевтикалық кешені» қатысуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға