Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің өкілімен кездесті

Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің өкілімен кездесті
Фото: t.me/KZgovernment 16.01.2024 09:02 1717

Премьер-министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік банкпен серіктестік инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған.

30 жылдық серіктестік барысында елімізде жалпы сомасы $8 млрд-тан астам 48 бірлескен жоба сәтті іске асырылған.

Бүгінде 6 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банкпен серіктестікті әрі қарай нығайтуға ниетті, — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Татьяна Проскурякова ұйым Қазақстан бойынша жаңа жобаларды дайындауды жандандырғанын, оған былтыр тамызда өткен келіссөздердің ықпал еткенін атап өтті. Оның ішінде Үкіметтің шалғай елді мекендерді интернетке қосу бағдарламасы да бар.

Бұл Орталық Азиядағы барлық ел үшін жақсы үлгі болады деп ойлаймын. Менің ойымша, Қазақстанның өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлі нығая түспек, — деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға