Жаңалықтар

Әлихан Смайылов: Бұл – егемен еліміздің басты мемлекеттік мерекесі

Әлихан Смайылов: Бұл – егемен еліміздің басты мемлекеттік мерекесі
Фото: primeminister.kz 16.12.2023 10:22 629

Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды EL.kz ақпараттық агенттігі.

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміздің шын мәніндегі басты мемлекеттік мерекесі. Өйткені қажырлы күрес пен жанкешті еңбектің арқасында қолымыз жеткен тәуелсіздік – көздің қарашығындай қорғалуға тиіс қастерлі құндылық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясат тәуелсіздік тұғырын нығайтуға бағытталған, - деді Үкімет басшысы.

Шынайы жаңғыру жолына қадам басқан Қазақстан алаштың әділеттілік пен азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды.

Сондықтан біздің болашақ ұрпақ алдындағы басты парызымыз – осынау баға жетпес байлығымызды сақтап, ел ырысын еселей түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Мерейлі мерекеде баршаңызға ашық аспан, мықты денсаулық, табыс және амандық тілеймін!, - делінген құттықтауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға