Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапармен барды

Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапармен барды
Фото: t.me/KZgovernment 21.06.2023 23:03 409

Премьер-министр Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Үкіметі басшысын Баку әуежайында Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Әзербайжан Республикасындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Әлім Байел қарсы алды.

Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, сондай-ақ Әзербайжан премьер-министрі Әли Асадовпен мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Атап айтқанда, көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен қадамдар қарастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға