Жаңалықтар

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға жаңа көлік сыйлады

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға жаңа көлік сыйлады
Фото: instagram.com/aliokapov / Видеодан кадр 11.07.2023 15:20 886

Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға тосын сый жасап, көлік алып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Instagram парақшасында көлігінің видеосын жариялап, қуанышты сәтінен естелік қалдырды.

Бүгін таңертең “балаларым маған тосын сый әзірлеп жатыр” деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеді. Әли халыққа қызмет көрсету орталығына барамыз деп, мені үйден алып кетті. Содан мені автокөлік орталығына алып келіп, жаңа көлігімді көрсетті. Дегенмен көліктің құжаттарымен біз ХҚКО бардық. Енді менің көк-жасыл түсті Geely Monjaro маркалы көлігім бар. Сыйлығың үшін көп рахмет! Бұл жыл бақытты сәттерге толы болды. Биыл әже атандым және балаларым маған су жаңа көлік алып берді, – деп жазды әнші.

Оқи отырыңыз:

Әншінің үлкен ұлы Әли де өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында анасына сыйлық дайындап қойғанын айтқан болатын.

Қатты шаршадым. Бірақ өзімді мақтан тұтамын. Себебі бүгін анама керемет сыйлық жасадым, жұмыстарымды аяқтадым және ертең отбасымды демалысқа апарамын, - деді Әли Оқапов.

Ал оқырмандар болса "Сіз қандай сый болсын, құрметке де, атаққа қа да лайықсыз", "Балаларыңыз аман болсын", "Ішінде немерелеріңіз бен шөберелерініңіз толып жүрсін", - деп пікір қалдырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Роза Рымбаева (@rozarymbaeva)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға