Алғашқы трофей: Роналдудың арманы орындалды

 @Cristiano
Фото: @Cristiano

Криштиану Роналду бастаған «Әл-Наср» 2025/2026 жылғы маусымда Сауд Арабиясының чемпионы атанды. Соңғы турда Эр-Рияд клубы «Дамакты» 4:1 есебімен жеңсе, матчтың басты кейіпкері португалиялық шабуылшы болды. Роналду дубль авторы атанып қана қоймай, ойын аяқталуға жақын сәтте эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді. Бұл оның «Әл-Наср» сапындағы алғашқы әрі көптен күткен чемпиондығы еді.

Португалиялық футболшы алдымен 63-минутта айып добынан әдемі гол соғып, есеп ашты. Ал 83-минутта қапталдан келген пасты дәл аяқтап, матчтағы екінші голын тіркеді. Бұл оның кәсіби мансабындағы 973-гол болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

«Әл-Насрдағы» ең ұзақ күткен трофей

Матчтың 87-минутында Роналду алаңнан ауыстырылды. Сол сәтте камералар қосалқы орындықта отырған футболшыны көрсетті. Португалиялық жұлдыз эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді. Себебі бұл чемпиондық оның «Әл-Насрға» ауысқалы бергі ең көп күткен жетістіктерінің бірі еді.

Роналду 2022 жылдың соңында Сауд Арабиясының клубына үлкен үмітпен келген болатын. Алайда алғашқы маусымдарда команда бірінен кейін бірі маңызды трофейлерден қағылды. «Әл-Наср» Сауд Арабиясы Про-лигасында да, кубоктық жарыстарда да, Азия чемпиондар лигасында да чемпион атана алмады. Осы уақытқа дейін Роналду клубпен бірге мүмкін болған 14 ресми турнирдің ешқайсында жеңіске жете алмаған еді. Атап айтқанда, команда:

  • Сауд Арабиясы Про-лигасының 2022/23, 2023/24 және 2024/25 маусымдарында;
  • Саудия кубогының 2022/23, 2023/24, 2024/25 және 2025/26 маусымдарында;
  • Саудия Суперкубогының 2022, 2023, 2024 және 2025 жылғы турнирлерінде;
  • Азия чемпиондар лигасының 2023/24 және 2024/25 маусымдарында;
  • Азия ЧЛ-2 турнирінің 2025/26 маусымында жеңіске жете алмады.

Дегенмен енді ғана «Әл-Наср» Сауд Арабиясының чемпионы атанып, Роналду клубтағы алғашқы үлкен трофейін жеңіп алды. Осылайша, португалиялық шабуылшы «Әл-Наср» сапында қатысқан 15 ресми турнирдің біреуінде ғана чемпион атанып отыр.

973-гол және эмоцияға толы сәт

Соңғы турдағы жеңістен кейін Эр-Рияд клубы 86 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға тұрақтады. Ал Роналдудың көз жасы бұл титулдың өзі үшін қаншалықты маңызды болғанын анық көрсетті.

@Cristiano 

Көпшілік үшін бұл сәт футболдағы қарапайым эмоция сияқты көрінгенімен, Роналду үшін ұзақ уақыт бойы күткен жеңістің, қысым мен сыннан кейінгі жеңіл тыныстың белгісі болды.

Оқи отырыңыз