
Алғашқы алтын медаль: Назым Қызайбай Әлем кубогінде жеңіске жетті
06.07.2025 14:30
3586
Фото: ҰОК
Әлем кубогіндегі алғашқы алтын жүлде қоржынға түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
48 келі салмақты Назым Қызайбай финалдық жекпе-жекте үндістандық Минакши Минакшимен жұдырықтасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тартысқа толы бәсекеде Назым Қызайбай техникалық және тактикалық тұрғыда өзінің мықтылығын дәлелдеп, ақтық сыңда жеңіске жетті.
Осылайша Назым Қызайбай Әлем кубогінде алтын жүлдеге ие болды.