Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде арандатушы ақпараттар азаймай тұр

Әлеуметтік желілердегі «өшпенділік тілі» атауымен танылып жатқан бейнежазбалар халық арасында араңдатушылық тудырмауы керек
Әлеуметтік желіде арандатушы ақпараттар азаймай тұр
Фото: El.kz 30.11.2022 10:42 1737

Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті этносаралық саладағы проблемалық мәселелер жөнінде отырыс өткізді. Ашық алаңға айналған интернет желісі ұлтаралық келісімнің бұзылуына әкеліп соғу мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тілге қатысты негативті бейнелер интернет кеңістігінде миллиондаған қаралым жинап жатыр. Виртуал өмір арқылы шынайы азаматтар арасында араңдатушылық тудыру оңай. Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстандағы 190-нан астам ұлт өкілдерінің бірізділігін сақтау үшін аталған мәселенің алдын алу шараларын ұсынды.

«Көрші мемлекетте орын алып жатқан қатығыстарға біздің елдің де қатысы болсын деген «жаман» ниетті адамдардың пікірі әлеуметтік желілерде толып жатыр. Тіл мен дінімізге сөз келтірген азаматтар жауапсыз қалмауы керек. Барлығын бақылау мүмкін емес», - дейді Ғалым Шойкин.

Нағыз виртуалды дискуссия алаңына айналған «Чат рулетка» месенджерінде қазақ тілі қызу талқыға түскен болатын. Қазақ тілін төмендету арқылы азаматтық қоғам арасында пікірталас тудырды. Өзге мемлекеттің азаматы ғана емес, елшісінің де ашық пікір айтуы заң тұрғысында қарастырылуда.

Ұлтаралық шиеленістерді шешу мақсатында әр өңірдің ұлтаралық жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін мәселелердің тізімін жасап, қажетті шаралар өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға