Жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өсті

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өсті
Фото: pixabay.com 24.02.2023 10:18 989

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,7%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Ел аумағы бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 21 ақпан/:

Өсімдік майы – 903 тг/л;

Рожки – 309 тг/кг;

Күріш – 376 тг/кг;

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға