Жаңалықтар

Әлеуметтік көмек 2,5 есеге артады - Елнұр Бейсенбаев

Әлеуметтік көмек 2,5 есеге артады - Елнұр Бейсенбаев
Фото: qazaqstantv 01.03.2023 20:53 2088

«Qazaqstan» ұлттық арнасында өтіп жатқан теледебатта Елнұр Бейсенбаев «Аманат» партиясы әлеуметтік проблемаларға көбірек көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«1 миллионға жуық азаматпен жеке кездестік. Осы күнге дейінгі барлық мәселелерді популистік ұрандармен емес, керісінше әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастырудамыз. Біріншіден, әділетсіздікті жоюымыз керек. Олигаполияға жол берілмей осындағы барлық мәселелерді талқылауымыз керек. Коррупция түбірімен жойылу керек. Әр отбасының табысын арттыруға ат салысуымыз керек. Әр отбасының табысын арттыру үшін лайықты жалақыны беруіміз керек. Жүздеген кәсіпорындар ашамыз. Әр азамат мемлекет қамқорлығында болу керек. Әлеуметтік көмек 2,5 есеге арттырамыз. Ауыр өнеркәсіпте жүрген азаматтардың зейнет жасын төмендетуге тырысамыз. Үш ауысымды мектептер түбегейлі жойылу керек. 1,5 млн жастарымызды жұмыспен қамтимыз», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға