Жаңалықтар

Әлеуметтанушы сайлаудың қалай өткеніне баға берді

Әлеуметтанушы сайлаудың қалай өткеніне баға берді
Фото: El.kz 28.03.2023 15:50 708

Әлеуметтанушы Эльмира Отар Парламент Мәжілісіне өткен депутаттардың тізімімен танысып, депутаттар халықтың қатаң назарына ілінгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әрине осы жолғы сайлау ерекше болды. Себебі бір мандаттық сайлау жүйесі енгізілді. Халықтың алдында есеп берудің жоғарғы деңгейіне өттік. Депутаттар халықтың назарына түсті. Егер алдағы уақытта олар жоспарлаған міндеттерін жүзеге асырмаса мандатынан айыруға болады. Бұл депутаттар мен партиялар тарапынан жаңа жауапкершілікке алып келеді, - дейді ол.

Сайлау науқанындағы кандидаттардың ғана емес, халықтың да белсенділігіне үлкен баға берді.

Жаңа партиялардың немесе бұрыннан келе жатқан белсенді партиялардың белсенділігінің артуын көрдік. Жаңа саяси жүйе тек партиялардың ғана емес, халықтың да саясатқа деген қызығушылығын арттырды. Алдыңғы сайлаулармен салыстыратын болсақ көрсеткіштің жоғары болғанын көре аламыз. Кәсіпкерлердің де саясатқа араласуы елдің болашағына деген жанашырлық артқанының дәлелі, - деді Эльмира Отар.

Елге танымал Ринат Заитовтың «Аманат» партиясынан мәжіліс депутаттарының тізімінде топ жаруы қоғамды шулатты. Бұл туралы Эльмира Отар:

Көптеген өнер адамдары депутаттыққа ұсынып белсенділік танытқан болатын. Ринат Заитов халық назарында бірде бар, бірде жоқ болып жүргендіктен үлкен негативке ұшырады. Бірақ ол партияға келуін түсіндірген болатын. Аманатқа өзгеру үшін емес, өзгерту үшін келдік деді. Бүл сөздерінен оның мақсаттарын жүзеге асырамын деген нық қадамын байқауға болады. Бұл «Аманат» партиясына да жаңа серпін береді. Жеке рейтингі көтеруге де үлкен мүмкіндік, - дейді.

Сонымен қатар, әлеуметтанушы сайлаудың тағы бір ерекшелігі - инклюзивті азаматтардың тізімде болуын ерекше атап өтті.

Инклюзиясы бар адамдар мәжіліс депутаттар тізімінде топ жаруының бірнеше себебі бар. Инклюзия және гендерлік саясат жағынан квота берілуі депутат тізіміне кіруге мүмкіндік берді. Ерекша адамдар да қоғамның бір бөлігі ретінде белсенділік таныта алатын қоғам мүшесі. Дамыған елдердің қағидалары адамдардың жынысына, жасына, физикалық ерекшеліктеріне байланысты дискреминация болмауы керек. Ерекшелі бар азаматтар өмірлік қиыншылықтарға қарамай саясатқа белсенділігі үлкен мотивация беретініне сенімдімін, - деп атап өтті.

Сөз соңында сайлау әділ өтпеді деген ақпараттарға пікірін білдірді.

«Мұның бәрі парақорлық, әділ өтпеді деген сыни, негативті көзқарастар көп. Саяси сауаттылық деңгейі төмен болса да, біз жаңа сатыға шықтық. Осы бағыттан таймасақ, елімізді үлкен өзгерістер күтіп тұр», - деп қорытындылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға