Әлемнің жетекші университеттерінің профессорлары Алматыда бас қосады

Әлемнің жетекші университеттерінің профессорлары Алматыда бас қосады
Фото: inVision U командасы

23 қыркүйекте Алматыда тәжірибелі көшбасшыларды, әлемдік деңгейдегі академиялық сарапшыларды, студенттер мен inVision U серіктестерін біріктіретін inVision U Forum халықаралық іс-шарасы өтеді.

Форумда  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Kellogg School of Management көшбасшылық профессоры Brian Uzzi, (АҚШ), сондай-ақ ірі бизнес өкілдері мен қоғам көшбасшылары – Маулен Әшімбаев, Үміт Шаяхметова, Бағдат Мусин және басқалар сөз сөйлейді. Форум Арсен Томскийдің қолдауымен құрылған inVision U-дың алғашқы бакалавриат студенттерін қабылдауына орай өтеді.

inVision U Forum көшбасшылық пен білім берудің болашағын ашық талқылауға арналған алаң болады. Форумның негізгі сұрағы: жасанды интеллект дәуірінде көшбасшылық туралы түсінік қалай өзгереді және бұл бүгін біз білім беріп жатқан адамдар үшін нені білдіреді? Бұл мәселе еңбек нарығын, білім беру тәсілдерін және кәсіби дағдыларға қойылатын талаптарды өзгертіп жатқан жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында ерекше өзекті.

фото: inVision U командасы
фото: inVision U командасы

ЖИ-мен бірге жұмыс істеген кезде көшбасшылық қалай өзгереді? 23 қыркүйекте Алматыда зерттеушілерді, бизнес көшбасшыларын және студенттерді жинап, осы сұрақты бірге талқылап, пікірталас жүргізіп, жауап іздейміз, – дейді Эндрю Вахтель, inVision U президенті, PhD.

фото: inVision U командасы
фото: inVision U командасы

Форум студенттерге, талапкерлерге, медиа өкілдеріне, inVision U серіктестеріне және жалпы жұртшылыққа ашық өтеді. Қатысушылар қатарында әлемнің жетекші университеттерінің профессорлары, нарықтарды өзгерткен кәсіпкерлер, жасанды интеллект пен этика саласындағы сарапшылар, сондай-ақ өз жолын енді бастап келе жатқан және осы сұрақтарға жауап іздеуге дайын студенттер бар.

Оқи отырыңыз