Жаңалықтар

Әлемнің ең үздік теннисшілері Астанаға келеді

Бұл туралы Olympic.kz мәлім етті
Әлемнің ең үздік теннисшілері Астанаға келеді
Фото: olympic.kz 20.02.2023 16:51 899

2023 жылдың 27 ақпанынан 12 наурызына дейін "Beeline Arena" Ұлттық теннис орталығында ITF World Tennis tour сериясындағы "BeeTV 40 Women 's" және "BeeTV 60 Women's" Халықаралық әйелдер теннис турнирлері өтеді, жалпы жүлде қоры 100 000 доллар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік рейтингтің ТОП-300 ойыншылары қатысады. Олардың қатарында: жапондық Моюка Учиджима (120 WTA), "Үлкен дулыға" турнирінің тоғыз мәрте жұптық разрядта жеңімпазы, француз спортшысы Кристина Младенович (150 WTA), ресейлік Анастасия Захарова (166 WTA), Румындық Ирина-Мария Бара (197 WTA), сербка Наталья Стефанович (221 WTA) және басқалар бар. 

Қазақстанның намысын Анна Данилина, Жибек Куламбаева, Гозал Айнитдинова, Аружан Сагандыкова, Дана Байдаулет, Жанель Рустемова және басқалар қорғайтын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға