Әлемнің ең сымбатты ер адамы анықталды: Mister Global 2026 тәжін кім киді?

Әлемнің ең сымбатты ер адамы анықталды: Mister Global 2026 тәжін кім киді?
Фото: instagram.com

Таиландта өткен Mister Global 2026 халықаралық ерлер сұлулық байқауында Түркия өкілі Дилхан Диврикли жеңімпаз атанды. Ол әлемнің әр түкпірінен келген қатысушыларды басып озып, бас жүлдені иеленді.

Әлемнің ең сымбатты ер азаматы қалай таңдалды?

Халықаралық байқаудың финалы 10 қазанда Таиландтың Нонтхабури қаласындағы MCC Hall кешенінде өтті. Әлемнің түрлі елдерінен келген үміткерлер шамамен он күн бойы бірнеше кезеңнен өтіп, өзара бақ сынады.

Қатысушылардың сырт келбетімен қатар, сахнада өзін ұстауы, көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жеке қасиеттері бағаланды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Mister Global (@officialmisterglobal)

Финалға Түркия, Нигерия және Филиппин өкілдері жолдама алды. Қазылар алқасының шешімімен Дилхан Диврикли жеңімпаз атанып, Mister Global 2026 тәжін иеленді. Екінші орын Нигерия өкілі Бетель Мбамараға бұйырса, үздік үштікті Филиппин атынан қатысқан Эм-Джей Ордильяно түйіндеді.

Дилхан Диврикли кім?

Дилхан Диврикли халықаралық байқауға дейін де модельдік салада жетістікке жеткен. Ол биыл Түркияда ұйымдастырылған Top Model of Türkiye 2026 байқауында топ жарып, елдегі үздік модель атағын жеңіп алған.

Жас жігіттің отбасы Түркияның Афьонкарахисар провинциясындағы Эмирдаг ауданынан шыққан. Алайда Дилханның өзі бүгінде Бельгия астанасы Брюссельде тұрады.

Оның төрт тілде еркін сөйлейтіні белгілі. Модельдік қызметімен қатар, актерлік өнерге де қызығушылық танытады. Болашақта өзін кино саласында сынап көруді жоспарлап жүр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Mister Global (@officialmisterglobal)

Mister Global қандай байқау?

Mister Global – 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан халықаралық ерлер сұлулық байқауы. Оған әлемнің әртүрлі мемлекеттерінен үміткерлер қатысады.

Байқаудың басты ерекшелігі – жеңімпаз тек сыртқы келбетіне қарап анықталмайды. Қазылар алқасы қатысушылардың сахнадағы сенімділігін, ой-өрісін, көпшілікпен тіл табысу қабілетін және тұлғалық қасиеттерін де назарға алады.

Биылғы байқауда осы талаптар бойынша үздік нәтиже көрсеткен түркиялық Дилхан Диврикли әлемдік деңгейде мойындалып, Mister Global 2026 атағының иегері атанды.

Оқи отырыңыз