Жаңалықтар

Әлемнің ең қымбат қалалары аталды: Алматы мен Астана қай орында тұр

Әлемнің ең қымбат қалалары аталды: Алматы мен Астана қай орында тұр
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 25.01.2024 09:55 1304

Сербияның Numbeo қызметі әлемнің түрлі қалаларындағы өмір сүру индексін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рейтинг тұтыну құны, жылжымайтын мүлік бағасы және өмір сүру сапасы секілді бірқатар факторды ескеріле отырып жасалған.

Әлемдегі ең қымбат 10 қала:

  1. Гамильтон, Бермуд аралдары;
  2. Цюрих, Швейцария;
  3. Базель, Швейцария;
  4. Лозанна, Швейцария;
  5. Сан-Хосе, АҚШ;
  6. Женева, Швейцария;
  7. Сан-Франциско, АҚШ;
  8. Берн, Швейцария;
  9. Вашингтон, АҚШ;
  10. Нью-Йорк, АҚШ.

Алматы рейтингте 270-орынға жайғасса, Астана 289-орында тұрақтады.

Орталық Азияның өзге қалаларынан Бішкек 332-орын алса, Ташкент 330-сатыда тұр.

Ал Дубай - 142-ші, Ыстамбұо — 267-ші, Мәскеу 268-орыннан көрінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға