Жаңалықтар

Әлемге танымал әнші музыкалық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Әлемге танымал әнші музыкалық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Фото: © Getty IMAGES 06.01.2024 10:31 1813

Америкалық әнші, актриса Селена Гомес тағы бір альбом шығарып, кейін музыкадағы мансабын аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

New York Post газетінің хабарлауынша, Гомес әрқашан әнші емес, актриса болуды армандаған.  Ол ән айтуға хобби ретінде қараған.

Менің шығаруым тиіс тағы бір альбомым қалған сияқты, бірақ мен актерлік мансапты таңдайтын шығармын. Мен шаршадым, демалғым келеді, - деп ағынан жарылды өнер иесі.

Әнші өнер жолын бастағанда әншілік пен актерлік өнерді үйлестіргенді ұнататынын айтып, «гастрольдік сапарлардың өте қызық болғанын» атап өтті. Алайда, Гомес есейіп, танымал бола бастағанда, ол өзінің жаны қалайтын дүниеге ден қою керегін түсінгенін жасырмады. 

Айта кетейік, Селена Гомес өз мансабын 2002 жылы актриса ретінде бастаған, бірнеше Дисней мультфильмдерін дыбыстауға атсалысып, сериалдарға түскен. 2009 жылы Selena Gomez өзінің the Scene тобымен бірге Kiss and Tell дебюттік альбомын шығарды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға