Әлемге әуеден көз тастау: Siena Drone Photo Awards 2026 байқауының үздік фотосуреттері

Әлемге әуеден көз тастау: Siena Drone Photo Awards 2026 байқауының үздік фотосуреттері
Фото: droneawards.photo

Кейде әлемді жаңаша тану үшін оған қарау бұрышын ғана өзгерту жеткілікті.

Биіктен көз салғанда, біз күнделікті байқамайтын сұлулықты көреміз: ирелеңдеген жағалау сызықтары, көз тартар табиғи көріністер, қайнаған қала тіршілігі мен табиғаттың таңғажайып өрнектері. Әуеден түсірілген фотосуреттер ғаламшарымыздың бізге беймәлім қырларын ашып, таныс мекендерді мүлде басқа кейіпте көрсетеді.

Осындай ерекше көзқарасты дәріптейтін Siena Drone Photo Awards 2026 халықаралық байқауы әлемнің түкпір-түкпірінен талантты фотографтарды біріктіреді. Siena Awards байқаулар топтамасына енетін бұл додада дрон, тікұшақ, ұшақ, әуе шары және өзге де ұшу аппараттарының көмегімен түсірілген үздік фотосуреттер марапатталады.

«Қалалық орта» аталымындағы бірінші орын: «Табиғат-ана». Кувейттегі Мүбарак әл-Кабир қаласын шаңды дауыл басып қалған сәт. / © Abdullah Benayan
«Қалалық орта» аталымындағы бірінші орын: «Табиғат-ана». Кувейттегі Мүбарак әл-Кабир қаласын шаңды дауыл басып қалған сәт. / © Abdullah Benayan

Байқауға ұсынылған жұмыстардың басты ерекшелігі – сан алуан ракурс пен тосын шешімдер.

«Қалалық орта» аталымындағы екінші орын: «Екі дәуір тоғысқан мекен». Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы Мүлмангол ауданы. / © Sanghoon Park
«Қалалық орта» аталымындағы екінші орын: «Екі дәуір тоғысқан мекен». Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы Мүлмангол ауданы. / © Sanghoon Park

Күнделікті көріп жүрген орындар абстрактілі өнер туындысына айналып, табиғи ландшафттар көздің жауын алатын өрнектер түзеді. Ал үйреншікті көріністер мүлде күтпеген қырынан ашылады.

Жыл фотосуреті: «Бенгал шығанағының лайлы қайраңындағы кемелерді бөлшектеу». / © George Steinmetz
Жыл фотосуреті: «Бенгал шығанағының лайлы қайраңындағы кемелерді бөлшектеу». / © George Steinmetz

Дегенмен мұндай әсерлі кадрды түсіру үшін дронды әуеге көтеру жеткіліксіз. Фотограф үшін сәтті таңдау, кадр композициясын дәл үйлестіру, шыдамдылық пен шығармашылық көзқарас аса маңызды.

«Жабайы табиғат» аталымындағы бірінші орын: «Көзге көрінбейтін сұлулық». Жартасты қиядағы тастардың арасында екі қар барысының күшігі айналасына байқатпай тынығып жатыр. / © Awais Ali Sheikh
«Жабайы табиғат» аталымындағы бірінші орын: «Көзге көрінбейтін сұлулық». Жартасты қиядағы тастардың арасында екі қар барысының күшігі айналасына байқатпай тынығып жатыр. / © Awais Ali Sheikh

Назарларыңызға Siena Drone Photo Awards 2026 байқауының жеңімпаздары мен үздік деп танылған фотосуреттерін ұсынамыз.

«Жабайы табиғат» аталымындағы екінші орын: «Балапанның қорғаушысы». / © Seyit Konyalı
«Жабайы табиғат» аталымындағы екінші орын: «Балапанның қорғаушысы». / © Seyit Konyalı

Тұзды Тұз көлінің жағалауындағы табиғи «балабақшаға» жиналған мыңдаған қоқиқаз балапанының арасынан жалғыз ересек құс көзге түседі. Қоқиқаздардың балапандары өмірінің ең осал кезеңінде осындай топ болып өседі. Бірнеше ересек құс оларды бірге бақылап, қауіптен қорғайды әрі тіршілікке бейімделуіне көмектеседі.

«Жабайы табиғат» аталымындағы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған жұмыс: «Әй, мені күтіңдерші!» / © Rick Beldegreen
«Жабайы табиғат» аталымындағы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған жұмыс: «Әй, мені күтіңдерші!» / © Rick Beldegreen

Мұхиттан жағаға секіріп шыққан пингвиндер судың жиегінде қауырсындарын ретке келтіреді. Сонан соң жартастар арасындағы ұяларына қарай жағажайды бойлай жүгіре жөнеледі. Ал бір пингвин сәл кідіріп, кейін өзгелеріне асыға қосылады.

«Жабайы табиғат» аталымындағы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған жұмыс: <br>«Шырышты шақ» (Time of Slime). / © Joanna Steidle
«Жабайы табиғат» аталымындағы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған жұмыс:
«Шырышты шақ» (Time of Slime). / © Joanna Steidle

Мэри өзенінің жайылмалы батпақты алқабында қолтырауын жүзіп барады. Биіктен түсірілген кадрда оның алып денесі лайлы жағалауда ирелеңдеген, жыланның ізіне ұқсас өрнек қалдырған.

Тағы бір суретте ақ аю мұз сынықтарының арасында жүзіп жүріп, жемтігін іздеп келеді.

«Жабайы табиғат» аталымындағы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған жұмыс: «Жүзіп бара жатқан аю» / © Jeroen Van Nieuwenhove
«Жабайы табиғат» аталымындағы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған жұмыс: «Жүзіп бара жатқан аю» / © Jeroen Van Nieuwenhove
«Табиғат» аталымындағы бірінші орын: «Махарлу көліндегі қоқиқаздар». / © Ali Azar
«Табиғат» аталымындағы бірінші орын: «Махарлу көліндегі қоқиқаздар». / © Ali Azar

Байқаудың өзге қатысушылары мен жеңімпаздарының жұмыстарын Siena Drone Photo Awards ресми сайтындағы галереядан тамашалауға болады.

«Табиғат» аталымындағы жоғары бағаға ие болған жұмыс: «Тумпак-Севу сарқырамасының асқақ көрінісі». / © Colas Decloitre
«Табиғат» аталымындағы жоғары бағаға ие болған жұмыс: «Тумпак-Севу сарқырамасының асқақ көрінісі». / © Colas Decloitre

 Сондай-ақ байқау туралы толық ақпарат ұйымдастырушылардың ресми парақшасында жарияланған.

Оқи отырыңыз