Жаңалықтар

Әлемдік қауымдастық пен ел ішінде беделі бар кандидат жеңіске жетті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлова сайлау нәтижесіне пікір білдірді
Әлемдік қауымдастық пен ел ішінде беделі бар кандидат жеңіске жетті
Фото: Total.kz 21.11.2022 20:31 1073

Қазақстандық сарапшылар кезектен тыс Президент сайлау барысы мен нәтижесі бойынша өз ойларын білдіруде. Барлығы дерлік аз уақыт ішінде елге үлкен өзгерістер әкелген Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы болып сайланғанын қолдайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

«Қоғам болып күткен айрықша оқиғамыз өтіп, елдің болашағы шешілді. Дауыс берудің нәтижесін дүйім жұрт болып күттік. Жеңіске жеткен кандидат ел алдында өзінің дипломатиялық білімін жоғары деңгейде дәлелдеген азамат. Елде ғана емес әлемдік қауымдастық арасында өзін таныта білген азамат, мемлекетті үлкен жетістікке жетелейтініне кәміл сенеміз», – дейді Ақтоты Райымқұлова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға