Жаңалықтар

Әлемдегі үздік қала анықталды

Әлемдегі үздік қала анықталды
Фото: © Pixabay.com 11.03.2024 13:24 1561

Resonance компаниясының сарапшылары әлемнің үздік қалаларының рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Resonance мәліметінше, 2024 жылы осымен тоғызыншы рет үздік шаһар атағы Лондонға бұйырды. Рейтинг жасар кезде статистикалық көрсеткіштер, жергілікті тұрғындар мен туристердің бағасы есептелген.

Бағалау кезінде қауіпсіздік, логистика, қолжетімділік, білім беру деңгейі, мәдени өмір мен өзге де салалар қарастырылған.

Әлемнің үздік он қаласының тізімі мынадай:

Лондон, Ұлыбритания;

Париж, Франция;

Нью-Йорк, АҚШ;

Токио, Жапония;

Сингапур;

Дубай, БАӘ;

Сан-Франциско, АҚШ;

Барселона, Испания;

Амстердам, Нидерланд;

Сеул, Оңтүстік Корея.

Сонымен қатар Оттава, Кельн, Шарлотт, Калгари, Нагоя, Дюссельдорф, Ханой, Гетеборг, Саппоро, Бильбао, Балтимор секілді шаһарлар да рейтингтен табылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға